Өткен түнде «Барселона» «Гранадаға» қонаққа барды. Месси негізгі құраммен алаңға шықса да, каталониялықтар жеңілістен қашып құтыла алмады, деп жазады Prosports.kz.

Ежелгі көшбасшылары «Барселона» және «Реалдың» халі мүшкіл болып тұр Примерада. 5 турдан кейін «Гранада» 10 ұпаймен топ бастады. Одан кейін орналасқан «Севилья» мен «Атлетикода» да он ұпайдан бар. Мадридтіктер 8 ұпаймен 5-орында, каталониялықтар 7 ұпаймен 8-орынға орналасты.

«Гранада» - «Барселона» - 2:0 (1:0).

Голдар: Азиз, 2, Вадильо, 65 (пенальти).

«Гранада»: Руй Силва, Диас Мигель, Домингуш Дуарте, Санчес Барахона, Нева, Монторо, Азиз, Эррера (Гоналон 83), Родригес Диас, Сольдадо (Фернандес Луна 58), Мачис (Вадильо 62).

«Барселона»: тер Штеген, Нелсон Семеду, Пике, Ленгле, Фирпо (Фати 46), Ракитич (Видаль 62), Роберто, де Йонг, Перес (Месси 46), Суарес, Гризманн.

Ескерту алғандар: Суарес, 21, Пике, 45+4, Сольдадо, 48, Эррера, 49, Фернандес Луна, 87.