Американдық боксшы Флойд Мейвезер-кіші екінші мәрте аргентиналық Маркос Майданадан басым түсті.

WBC, WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы және WBA тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Мейвезер-кіші өзінің атағын қорғап қалды. Ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша Майдананы жеңді - 115:112, 116:111, 116:111.

Айта кетейік, 37-жастағы америкалық былғары қолғап шебері 47 жекае-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен.