ИААФ Президенті Ламин Диак қазіргі лауазымымен 2015 жылы қош айтысады, деп хабарлайды ИААФ ресми сайты.

«Бұл менің президент ретінде қатысатын соңғы Құрлықаралық кубок екеніне көңілім түсуде. Бірақ мен келесі біріншілікке міндетті түрде барамын, тек көрермен ретінде», – деді Диак ИААФ ресми сайтына.

Айта кетейік, 81-жастағы Диак қауымдастықты 1999 жылдан бері басқарып келеді.