Бокстан 2019 жылғы әлем біріншілігінде 81 келі салмақта үздік атанған Бекзат Нұрдәулетов финалдық жекпе-жектен кейін өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Бапкерлердің тапсырмасын толықтай орындадым. Соның арқасында жеңіске жеттім. Елдің үмітін ақтап, әлем чемпионы атанғаныма өте қуаныштымын. Бұл жеңісімді қазақ деген еліме арнаймын - деді Бекзат.

Еске сала кетейік, финалда Бекзат өзбек боксшысы Дилшодбек Рузметовты айқын басымдылықпен жеңген еді.