Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері басталды, деп жазады Prosports.kz.

Жартылай финалға 6 қазақстандық боксшы шыққан болатын.

Бүгін алғашқы болып шаршы алаңға Сәкен Бибосынов шықты. 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Сәкен Үндістандық Амит Пангхалмен кездесті. Кездесу 3:2 есебімен үндістандықтың пайдасына шешілді.

Осылайша, Бибосынов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.