Беделді WhoScored сараптамалық порталы Еуропа лигасы аясында өткен «Манчестер Юнайтед» пен «Астана» (1:0) арасындағы матчтың үздік ойыншыларын анықтады.

«Астананың» сапында қақпасын бірнеше голдан аман сақтаған Ненад Эрич 7.7 ұпай алып, үздік атанса, ал «Манчестер Юнайтедте» қорғаушы Аксель Туанзебе ең көп ұпай (7.8) жинады.