Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мухамбетов Ақтөбеде жаңа стадион салуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды bnews.kz.

«Қобыланды Батыр» стадионың жаңарту үшін бізге бір жыл онда футбол ойнамау керек. Қазіргі таңда бұл мүмкін емес. Ол үшін стадионға тиіспей, басқа қалада ойнауымыз керек. Бұл жағдайда жанкүйелер одан әрі наразы болады. Жақын арада бұл мәселені шешеміз. 26-32 мың жанкүйерге арналған жаңа стадион салуды ойластырып жатырмыз. Әйтсе де, нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Федерация бұл жобаға келісімін берді. Бұйыртса, енді үкімет келісімін берсе, онда жаңа стадионды салуға кірісеміз», - деді Мухамбетов.