Белгілі ресейлік сарапшы Александр Бубнов Еуропадағы «Ақтөбенің» жетістіктері жайлы ештеңе естімегенін және Қазақстанның Латвиямен өткен ойынның нәтижесі әділетті екенін айтты, деп хабарлайды sportbox.ru.

«Қазақстан құрамасы үшін Латвияға қарсы тең есеп – жақсы нәтиже. Красножан бұған дейін тек командаларды ғана жаттықтырған, енді міне ұлттық құраманың тізгінін ұстады. Бұл бір емес. Десек те, қазақтар біраз халықаралық тәжірибе жинайтыны анық. Меніңше, олар – сенсация жасауы әбден мүмкін», - деді Бубнов.

«Латвияның «Сконто» деген командасы бар, олар еурододаларда жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Қазақстанда мұндай команданы көрмептім. «Ақтөбе» Еуропада мықты өнер көрсетіп жүр дегенді ешқашан естімеген жоқпын», - деп қорытындылады Александр Викторович.