Қазақстандық «Астана» командасының италиялық велошабандозы Фабио Ару «Вуэльта-2014» велобәйгесінің 18-ші кезеңінде бірінші келді.

Ол 157 шақырымға созылған кезеңді 3 сағат 47 минут 17 секундта жүріп өтіп, жеңімпаз атанды. Мәреге екінші болып «Sky» командасының өкілі Крис Фрум жетті. Ал 13 жеңімпаздан 13 секундтан кейін келген Алехандро

Вальверде (Movistar) үшінші келді. Жалпы есептегі көшбасшы Альберто Контадор Фабио Арудан 13 секунд қалып қойды.

 

«Вуэльта» велододасы. 18-ші кезең қорытындысы

1. Альберто Контадор (Испания, Tinkoff-Saxo) – 71:38:37

2. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, Sky) – +1:19

3. Алехандро Вальверде (Испания, Movistar) – +1:32

4. Хоаким Родригес (Испания, Team Katusha) – +2:29

5. Фабио Ару (Италия, Astana Pro Team) – +3:15

6. Даниэль Мартин (Ирландия, Garmin Sharp) – +6:52

28. Микель Ланда (Испания, Astana Pro Team) – +1:03:31

36. Паоло Тиралонго (Италия, Astana Pro Team) – +1:21:47

52. Андрей Зейц (Қазақстан, Astana Pro Team) – +1:50:11

112. Алексей Луценко (Қазақстан, Astana Pro Team) – +3:06:28

154. Даниил Фоминых (Қазақстан, Astana Pro Team) – +3:59:34

156. Якопо Гуарньери (Италия, Astana Pro Team) – +4:05:40

164. Андреа Гуардини (Италия, Astana Pro Team) – +4:37:17