«Манчестер Юнайтед» клубының шабуылшысы Радамель Фалькао осы маусым туралы пікірін білдірді.

«Менің осы маусымдағы мақсатым – жүлде ұту. Мен өзімнің клубыма және Америка Кубогы мен келесі Әлем чемпионатына дайындалып жатқан Колумбия ұлттық құрамасына барынша көмектескім келеді.

Әлем чемпионаты Луи ван Галдың дүниежүзінің үздік бапкерлерінің бірі екенін көрсетті. Ол өзінің қарамағындағы ойыншыларды түсіне алады әрі оларды жігерлендіре біледі», - деді Фалькао.