Қызылордада футболдан Қазақстан Екінші лигасының финалдық кезеңі басталды.

Жарысқа қатысатын 12 команда Бірінші лигаға өтуге құқық беретін жалғыз жолдамаға таласады. 18 қыркүйекке дейін жалғасатын финалдық кезеңде командалар екі топқа бөлінген. Ойындар «Локомотив» стадионы мен Назарбаев зияткерлік мектебінің алаңында өтеді.