Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Осакадағы (Жапония) Premier Toray Pan Pacific Open турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің екінші айналымында Юлия ресейлік Варвара Флинкпен кездесті. 1 сағат 13 минутқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші екі сетте - 6:1, 6:1 есебімен қарсыласын ұтты.