12 қыркүйекте Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресінен 63 келіге дейін және грек-рим күресінен 75 пен 85 келіге дейін салмақтар бойынша жүлдедер сарапқа салынды.

Қазақстандық спортшылар тағы да алдыңғы қатарлы орындарға таласа алмады. Ольга Калинина (әйелдер күресі, 63 келіге дейін) алғашқы белдесуде италиялық Делме Каневаға жол берді. Грек-рим күресінің балуандары Рашид Кочиев (75 келіге дейін) және Андрей Самохин (85 келіге дейін) бірінші кездесуінде-ақ жеңіліп қалды. Кочиев венесуалық Хосе Ковеге қиындық турдырмады (0:5), ал Самохин қытайлық Кон Ляннен айласын асыра алмады (1:3).

Бесінші күндегі жүлделер төмендегідей орналасты: 

 

Күрестен әлем чемпионаты. Ташкент

Әйелдер күресі

63 келіге дейін

1. Юлия Ткач (Украина)

2. Елена Пирожкова (АҚШ)

3. Анастасия Григорьева (Латвия)

3. Валерия Лозинская (Ресей)

 

 

Грек-рим күресі

75 келіге дейін

1. Арсен Джулфалакян (Армения)

2. Невен Зугай (Хорватия)

3. Эндрю Байсек (АҚШ)

3. Элвин Мурсалиев (Әзірбайжан)

 

85 келіге дейін

1. Мелонин Нумовни (Франция)

2. Саман Тахмасеби (Әзірбайжан)

3. Виктор Лоринч (Венгрия)

3. Жан Беленюк (Украина)