«Ферраридің» финляндиялық автошабандозы Кими Райкконен италиялық командада соңғы маусымын өткізіп жатқндығын мәлімдеді, деп хабарлайды «Спорт-Экспресс».
«Мен енді жас бала емеспін, ақыл тоқтатқан адаммын. Өмірімнің қалған бөлігін «Формула-1-сіз» өткізгім келеді. Мен «Феррариде» спорттық мансабымды аяқтайтынымды мәлімдеген болатынмын. Бірақ ел дүрлігіп, осы жылы кетеді деген қауесет шығарған болатын. Мұның бәрі жай ғана бос сөз», - деді Райкконен.
Комментарии