Қытайдың Нанкин қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ІІ олимпиада жеңімпаздарына 2 млн. теңгеге жуық ақшалай сыйақы табысталды, деп хабарлайды 24.kz сайты.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бүгін жас спортшылармен жүздесіп, байрақты бәсекеде жақсы нәтиже көрсеткендері үшін алғыс білдірді. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс, 4 қола жүлдемен оралып, жалпыкомандалық есепте 21-орынға табан тіреді. Алтыннан алқа таққан жасөспірімдер 1 млн. 820 мың теңгеге ие болса, күміс медаль иеленген боксшыға 910 мың теңге табыс етілді. Ал 3-орынға 540 мың теңгеден берілді. Сондай-ақ споршыларды дайындаған жаттықтырушылардың да еңбегі бағаланды.Қытайдың Нанкин қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ІІ олимпиада жеңімпаздарына 2 млн. теңгеге жуық ақшалай сыйақы табысталды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бүгін жас спортшылармен жүздесіп, байрақты бәсекеде жақсы нәтиже көрсеткендері үшін алғыс білдірді. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс, 4 қола жүлдемен оралып, жалпыкомандалық есепте 21-орынға табан тіреді. Алтыннан алқа таққан жасөспірімдер 1 млн. 820 мың теңгеге ие болса, күміс медаль иеленген боксшыға 910 мың теңге табыс етілді. Ал 3-орынға 540 мың теңгеден берілді. Сондай-ақ споршыларды дайындаған жаттықтырушылардың да еңбегі бағаланды.