Англиялық «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Луи ван Гал шабуылшы Дэнни Уэлбектің не себепті «Арсенал» сапына ауысқандығын айтты.

«Дэнни «Юнайтедте» тоғыз жыл болды. Бірақ «Сандерлендке» жалға берілгеннен кейін «МЮ» cапында 3 маусым өткізді. Ол Руни немесе ван Перси деңгейіндегі футболшы емес. Ал олардың ойыны «МЮ» талаптарына сай келеді. Сондықтан біз оны ұстамай, кетуіне рұқсат еттік. Бір жағынан Фалькао мен жас балаларды ойымызда ұстадық. Фалькао сияқты шабуылшыны жалға алатын болсаң көп ойланудың керегі жоқ, себебі оның статистикасы керемет», — деді ван Гал.

Айта кетерлігі, Дэнни Уэлбек «Манчестер Юнайтед» сапында 90 матч өткізіп 29 гол соққан болатын.