22-жастағы Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа лондондық «Челси» клубымен жаңа келісімшарт жасасты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Англиялық клуб пен Куртуа арасындағы келісімшарт мерзімі 5 жылға жасалған. Қаржылық жағдайы әлі мәлім болған жоқ.

Естеріңізде болса, Тибо Куртуа соңғы 3 жылда мадридтік «Атлетико» сапында ойнаған болатын, осы жылы жалға берілген қақпашы өзінің негізгі командасына қайта оралды.