Ресейде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев шаршы алаңға шықты.

57 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Қайрат Ералиев 1/8 финалда таиландтық боксшы Чатчай Бутдимен қолғап түйістірді. Тартыс өткен кездесуде қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті.