Алматылық «Қайраттың» бақылау кеңесі төрағасы Қайрат Боранбаев команда селекциясы қалай өтетінін айтты.

«Алдымен бапкер қандай ойыншылардың керек екенін айтады. Сосын спорт директоры біздің скауттарға хабарласып, жоғарыда айтылған өлшем бойынша бізге керек футболшыларды іздейді. Алайда соңғы шешімді мен шығарамын», - деді Боранбаев.