Қазақстандық былғары қолғап шебері Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін) Екатеринбургте өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына еш қиындықсыз шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бибосынов колумбиялық Хуберген Мартинестен жұдырықтасқан еді. Сәкен барлық үш раундта басымдыққа ие болды. Төрешілер бірауыздан әлем чемпионатының ширек финалында өнер көрсетуге қазақстандық боксшы лайықты деп шешім шығарды.