11 қыркүйекте Ташкентте өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында әйелдер арасында 53, 58 және 75 келіге дейін салмақтар бойынша жүлделер сарапқа салынды.

Өкінішке қарай, қазақстандықтар Жұлдыз Әшімова (53 келіге дейін), Айжан Исмағұлова (58 келіге дейін) және Гүлмарал Еркебаева (75 келіге дейін) медальға таласа алмады.

Екінші күндегі жүлделер төмендегідей еншіленді:

 

Күрестен әлем чемпионаты. Ташкент

Әйелдер күресі

53 келіге дейін

1. Саори Йошида (Жапония)

2. София Маттссон (Швеция)

3. Джиллиан Гэллейс (Канада)

3.Чжон Мьон-Сук (КХДР)

 

58 келіге дейін

1. Каори Ичо (Жапония)

2. Валерия Коблова (Ресей)

3. Анастасия Гучок (Беларусь)

3. Элиф Ешилирмак (Түркия)

 

75 келіге дейін

1. Аделин Грей (АҚШ)

2. Алин Феррейра (Бразилия)

3. Бурмаа Очирбат (Монғолия)

3. Чжоу Цянь (Қытай)