Екі салмақ бойынша бұрынғы әлем чемпионы және телекомментатор Андре Уорд Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында Сауль Альварес пен Сергей Ковалевке баға беріп өтті, деп жазады Prosports.kz ресейлік Allboxing.ru сайтына сілтеме жасап.

«Маған беймәлім көптеген факторлар бар. Мәселен «Канело» қандай салмақпен шығады? Ковалевпен айқасу ауыр болады деп, біраз салмақ жинап шыға ма, әлде жеңіл болсаң жылдам қимылдайсың деген принципті ұстана ма?

«Канелоның» тізесіне не болды? Оның тізесі жарақаттанған ғой? Ковалевтің несі қалды? Әлеуеті қандай? «Канелоның» бірінші алты раундтағы ара қашықтығы қандай болмақ? Егер жекпе-жек 6 раундтан асса, онда Альварестің мүмкіндігі маған ұнап тұр.

Мен өз болжамдарыммен елдің алды болғым келмейді. Жеті рет өлшеп, бір рет кескен дұрыс. Мен жауабын таппаған бірнеше сұрақ бар. Ал жекпе-жекке келсек, бұл бір керемет жұдырықтасу болғалы тұр», дейді Андре Уорд.