Бүгін ресейлік Екатеринбургте бокстан әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Күндізгі сессияда A рингіне қазақстандық Абылайхан Жүсіпов. көтеріледі. 69 келіге дейінгі салмақта ол тай боксшысы Вуттичай Масукпен жұдырықтасады.

Ал кешкі сессияда Тұрсынбай Құлахмет кездесу өткізеді. 75 келіге дейінгі салмақта боксшы америкалық Хавьер Мартинеске қарсы айқасқа түседі.

Күндізгі сессияның трансляциясы елорда уақытымен 16:00-де басталады, ал кешкі сессия - 20:00-де. Жекпе-жектерді сайтымыздан көре аласыздар.