Анна Данилина ресейлік Евгений Пашковамен бірге ITF аясында өтетін Moscow Cup сериясындағы турнирдің жұптық сайысында финалға шыға алмады. 

Жартылай финалда Данилина мен Пашкова ресейлік Вероника Кудерметова және швейцариялық Ксения Кнолльге екі сетте жол берді – 3:6, 3:6.

Бұған дейін Анна жеке сайыстың екінші айналымында ресейлік теннисші Евгения Родинаға есе жіберді – 3:6, 2:6.