Бауырлас Қырғыз елінде өтіп жатқан бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында Қазақстан спортшылары алғашқы алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды 24.kz сайты.

Қанжығасына алтын байлаған Амангелді Сатыбалдиев жүзден астам спортшының ішінен топ жарды. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша қырғыз күресінен чемпион атанды. Палуандар жарысы «Рух Орда» мәдени этнографиялық кешенінде өтіп жатыр. Спортшылар арасында бәсекелестік қызған. Саф алтыннан жүлде алудан әркімнің де үміті бар. Ойын иелерінің өзін артқа тастап, чемпион атану мәртебесі қазақстандық палуанға бұйырды.