Санкт-Петербургте 16-22 қыркүйек аралығында ATP турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бүгін сол жарыстың жеребесі тартылды. Александр Бублик пен Михаил Кукушкин аталмыш турнирге қатысады.

Бубликтің қарсыласы - норвегиялық Каспер Рууд. Михаил Кукушкин италиялық Янник Синнермен сынға түседі.