Қазан айының алғашқы бөлігінде Алматы қаласында футзалдан әлем Суперкубогы өтеді.

Кездесулер Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 2-ші және 3-ші қазан күндері болады. Мәскеулік «Динамо» (Ресей), «Чомбури» (Тайланд) және «Интелли (Бразилия) сияқты клубтар алматылық «Қайраттың» қарсыласы атанады.