Қазақстандық теннисші Сесиль Каратанчева франциялық Кристина Младеновичтен айласын асырып, ширек финалға шықты.

Сесиль бірінші партияда жеңіліс тапқанымен, келесі екі сетті өз пайдасына шешті. Кездесу екі сағат 35-қа созылды. Қорытынды есеп – 5:7, 6:4, 7:5.