«Чемпиондар айқасының» екінші күнінде «Астана арландары» «Сuba Domadores» командасынан 3:2 есебімен басым түсті.
Алғашқы жекпе-жекте Мирас Жақыпов (52 келі) Йосбани Вейтиадан 3:0 есебімен айласын асырды.
52 кг: Мирас Жақыпов – Йосвани Вейтиа – 3:0 (49:46, 49:46, 48:47);
60 келіде төбелескен Роман Щегринов қарсыласы Лазаро Альварес Эстрададан 0:3 есебімен ұтылып қалды.
60 кг: Роман Щегринов – Ласаро Альварес – 0:3 (44:50, 45:50, 45:50);
69 келі салмақта Ел үмітіп арқалап шыққан Мадияр Әшкеев Лондон Олимпиадасының чемпионы Рониел Иглесиас Сотолонгоны 2:1 есебімен жеңді.
69 кг: Мадияр Әшкеев – Рониель Сотолонго – 2:1 (47:48, 48:47, 49:46);
Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін Хрвое Сеп Хулио Сезар Ла Круздан айласын асыра алмады. Есеп — 0:3
81 кг: Хрвое Сеп – Хулио ла Крус – 0:3 (46:49, 46:49, 46:49);
Аса ауыр салмақта Филип Хргович (+91 келі) Йоанди Тойрак Ортеганы нокаутқа түсірді.
+91 кг: Филипп Хргович – Йоанди Тойрака – техникалық нокаут.
Естеріңізге сала кетейік, кешегі жекпе жекте «Сuba Domadores» 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Қорытынды есеп - 4:6.
Комментарии