Fight Nights Global 95 турнирінің басты қатысушылары Жалғас Жұмағұлов пен Али Багаутинов баспасөз-конференциясын Нұр-Сұлтанда өткізеді, Prosports.kz сайты.

17 қыркүйекте екі файтер Қазақстан астанасында бетпе-бет кездеседі.

Айта кетейік, 19 қыркүйекте Сочиде Жалғас Жұмағұлов Fight Nights Global чемпионы титулын Али Багаутиновқа қарсы күресте қорғайды.

Аталмыш турнирдің андекардында екі қазақстандық файтер Нұрбек Қабдрахманов пен Еркінбек Инжель өнер көрсетеді.