Бельгияның екінші лигасы аясында өткен ойында «Беерсхот» өз алаңында «Ломмел Юнайтед» клубын 2:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Негізгі құрамда алаңға шыққан Қазақстан құрамасының футболшысы Ян Вороговский 59-минутта «Беерсхот» сапындағы алғашқы голын соқты.

Еске сала кетейік, Вороговский Бельгия чемпионатында 5 матч өткізді.