Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтіп жатқан бокс кешін қазақстандық боксшы Искандер Харсан ашты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Екінші жеңіл салмақ аясында жұдырықтасқан Харсан жергілікті Исидри Очоаға қарсы сынға түсті. Бесінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберді. Келесі айналымда Очоаның бапкері өзінің шәкіртін алаңға шығарудан бас тартты.

Осылайша, Искандер кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Исидри болса, алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, кештің басты кездесуінде Тайсон Фьюри мен Отто Уаллин айқасқа түседі.