Туриндік «Ювентустың» футболшысы мансабын MLS чемпионатында жалғастыруы мүмкін.

Атақты журналист Джанлука ди Марционың мәліметіне сүйенсек, хорват футболшысы «Лос Анджелес» командасымен келісімшарт жасап қойған екен.

Қазіргі уақытта АҚШ-та трансферлік терезе жабық. Манджукич жаңа командасымен қысқа дейін бірге жаттыға алады.

Айта кетейік, «Ювентус» Чемпиондар лигасына қатысатын футболшылар тізіміне Марио Манджукичті енгізбеген еді.