Pounf-for-pound тізімнің көшбасшысы, әлемнің ең үздік боксшысы Флойд Мейвезер үлкен спорттан қашан кететінін айтты.

Бұл туралы Boxingscene бокс порталы хабарлайды.

«Менің әлі екі кездесуім бар. Содан соң Mayweather Promotions компаниямды көтерумен айналасамын. Қазіргі таңда, бар ойым Майданаға қарсы жекпе-жекте. Бұл жекпе-жектен кейін кіммен жұдырықтасатыным әлі белгісіз. Десек  те, Майданаға қарсы кездесуден кейін шаршы алаңға келер жылдың мамыр айында ораламын, сосын қыркүйекте соңғы жекпе-жегімді өткіземін», - деді Флойд.

Естеріңізге сала кетсек, Флойд Мэйвезер келесі кездесуін келесі аптада Маркос Майданаға қарсы өткізеді.