«Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы ЖХЛ-ның жаңа маусымының алғашқы матчында альметьевтік «Нефтяникті» ұтты.

Жаңа маусымның алғашқы ойыны өскемендіктердің жеңісімен аяқталды. Алдымен, Спиридонов есеп ашса, кейін Казначеев пен Петров есепті 3:0-ге жеткізді. Соңғы периодта қонақтар бір гол қайтарды. Ермолаев жалпы есепті қорытындылады – 3:1.

 

«Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) – «Нефтяник» (Альметьевск) 3:1 (0:0, 2:0, 1:1)

1:0 – Спиридонов (Шин) – 26:38

2:0 – Казначеев (Кочетков) – 33:39

3:0 – А. Петров – 45:54

3:1 – Ермолаев (Шангараев) – 49:20

Қақпашылар: Янков – Ключников