Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов «Ақтөбемен» келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
24 жастағы ойыншымен жаңа еңбек келісімі 2020 жылдың соңына дейін жасалған.
Биыл ҚПЛ-да Айымбетов 25 матчқа қатысып, 13 голдың авторы атанды. Сонымен қатар, биыл шабуылшы Қазақстан құрамасында дебютін өткізіп, 4 матчқа қатысты.
Комментарии