«Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Витяздан» 0:2 есеппен ұтылды.  

Бұған дейін елордалықтар ҚХЛ-ның жаңа маусымындағы алғашқы екі ойынында жеңілмеген болатын. Әйтсе де, бұл жолы Андрей Назаров баптайтын командасының жолы болмады. Бірінші периодта Юрий Кокшаров есепті ашса, артынша Марио Кемпер есепті еселеп қонақтарға жеңіс сыйлады.

 

«Барыс» (Астана) – «Витязь» (Подольск) 0:2 (0:1, 0:1, 0:0)0:1 – Кокшаров (Верещагин) – 17:280:2 – Кемпе – 29:15Қақпашылар: Лацо – Сатери