Көптен бері көпшілік көкейінде жүрген Сергей Ковалев пен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек өтетін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

DAZN стримингтік қызметі ұйымдастыратын жекпе-жек 2-қараша күні өтетін болды. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі Golden Boy ресми парақшасында жарияланды.

Айта кетелік, 11-қыркүйек күні Ковалевтің промоутері Кэти Дува мен Альварестің промоутері Эрик Гомес келіссөздердің тағы бір кезеңін сәтті жүргізген болатын. Сол күні-ақ кездесудің 2-қарашаға жоспарланғаны айтылып қалған еді.