13 қыркүйек күні Алматыдағы Орталық стадионда «Арманға қарай» балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында футболдан Қазақстан чемпионаты өтті, деп жазады Prosports.kz.

Турнирдің шешуші ойынында Тараздың «Тұлпар» балалар футбол командасы қостанайлық құрдастарын 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды бірінші таймның аяғында 12 жастағы Толик Длинов соқты.

Турнир жеңімпаздары Мадрид қаласына барып, қала аттас клубтың ойыншыларымен кездеседі. Ойыншылар Испания астанасында үш күн болады.