Елордалық «Барыс» хоккей командасы Владивостоктың «Адмиралымен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

КСК «Фетисов Арена» айдынында өткен ойын 3:0 (1:0, 0:0, 2:0) есебімен жергілікті команданың пайдасына шешілді. Алаң иелері сапынан Денис Вихарев пен Константин Глазачев шайба соқты.

«Барыс» ҚХЛ-дің жаңа маусымында дәл осы Владивостоктың «Адмиралынан» екі мәрте жеңілді. Маусымдағы алғашқы матчта қазақстандық команда өз алаңында 1:3 есебімен ұтылған еді.

Бұл ойынның алдында елордалық клуб «Амурды» 3:1 есебімен жеңген болатын.

Андрея Скабелка шәкірттері жаңа маусымды сәтті бастай алған жоқ. 6 ойын өткізіп, үшеуінде жеңіліп қалды.

Алғашқы ойында «Адмиралынан» жеңіліп, екінші турда Хабаровсктің «Амурын» 3:2 есебімен жеңді. Үшінші турда ҚХЛ аутсайдерлерінің бірі «Куньлунь Ред Стардан» 1:0 есебімен жеңілді. Бірақ араға бір күн салып осы команданы 2:3 есебімен жеңді. Ал 11 қыркүйекте «Амурды» тағы жеңді (1:3).

Айта кетейік, «Барыс» келесі ойынын 17 қыркүйекте Алматыда «Алматы Аренада» өткізеді.