Халықаралық бокс ұйымы (IBO) барлық салмақ санатында әлемдегі үздік боксшылар рейтингісінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұрынғы тізіммен салыстырғанда қазақстандық боксшылардың рейтингтегі орындарында аздаған өзгерістер бар.

Суперауыр салмақ. Иван Дычко - 56 (+1), Али Балоев - 82, Руслан Мырсатаев - 97, Жан Кособуцкий - 98;

Екінші орта салмақ. Әли Ахмедов - 45 (+1), Айдос Ербосынұлы - 25 (+11), Нұрзат Сабыров - 30 (+1);

Орта салмақ. Геннадий Головкин - 1 (0), Мейірім Нұрсұлтанов - 17 (18), Жәнібек Әлімханұлы - 66 (+7); Қанат Ислам 33 (+1), Жәнібек Әлімханұлы 34 (+16);

Бірінші орта салмақ. Садриддин Ахмедов - 46 (-1), Мадияр Ашкеев - 83;

Жартылай орта салмақ. Нұрсұлтан Жаңабаев - 27 (28), Бобиржан Моминов - 78 (-2);

Бірінші жартылай орта салмақ. Батыр Жүкембаев - 13 (-1), Жанқош Тұраров 40 (+2);

Жеңіл салмақ. Абылайхан Құсайынов - 76 (0), Виктор Коточигов – 59 (+1);

Екінші жартылай жеңіл салмақ. Станислав Калицкий - 98 (+2).