Қазақстан құрамасы қытайлық Шеньчженде өтіп жатқан әйелдер арасындағы волейболдан Азия кубогының жартылайфиналына жолдама алды.

Ширекфиналдық матчта Александр Гутор шәкірттері Иран командасын төрт партияда ұтты – 20:25, 25:16, 25:18, 25:15.

1/2 финалда Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея волейболшыларымен кездеседі. Олар Қытайлық Тайпейді отанына қайтарған болатын – 3:0 (25:16, 25:18, 27:25).