Лига кеңесінде Михаил Гурманды ҚФЛ-ның төрағасы қызметінен босату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

«Біз бәріміз бір отбасыдаймыз. Лиганың құрылуының басында болғаныма қуаныштымын. Қысқа мерзімде көп шаруа тындырдық. Чемпионатымыз күшейіп, тартысты бола түсті. Премьер-лигадағы бәсекелестік өте жоғары деңгейде. Оңай өтер команда жоқ. Бірінші лига додасы да сол секілді. Командалардың шеберліктері артып, қызықты ойындар көбейіп жатыр. Дегенмен, Атқару комитеті ретіндегі жұмысымды жалғастыра беремін және Қазақстандағы ең танымал спорт түрі, яғни футболды көркейте түсуге ат салыса бермекпін», - деді Михаил Ильич..

Михаил Гурман –Кәсіпқой футбол лигасы құрылғаннан бастап, яғни 2012 жылдан бері төраға қызметін атқарды.