10-13 қазан күндері Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен атындағы халықаралық турнирі өтеді. Denis Ten Memorial Challenge «Халық аренада» ұйымдастырылады, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа ISU ұйымының барлық мүшелері қатыса алады. Жастар мен ересектер жеке, жұптық және мұздағы спорттық би бойынша өнерлерін көрсетеді. Турнирге өтініштер 19-қыркүйекке дейін қабылданады. Жастар мен ересектер арасында қысқа бағдарлама жарыстың бірінші күнінде өтсе, жұптық және мұздағы спорттық бишілер Denis Ten Memorial Challenge турнирін қорытындылайды.