Астанада Атқару комитетінің мәжілісі өтіп, Қазақстан футбол федерациясы кадрлық өзгерістер мәселесі қарастырылды, деп хабарлайды футбол федерациясының ресми сайты.

1. Атқару комитеті Михаил Ильич Гурманның қызметтен кету жайлы өтінішін қабылдап, Кәсіпқой футбол лигасының төрағалығына ҚФФ Вице-Президенті Абраев Олжас Шәкенұлын тағайындау туралы шешім қабылдады.

2. Атқару комитеті Хамитжанов Саян Жақсыгелдіұлының ҚФФ Вице-президентінен кету туралы өтінішін қабылдады.

Михаил Гурман: «Қолдауларыңызға рахмет, біз ұзақ уақыт бойы бірге жұмыс атқардық. Біздің Қазақстан футболының алған бағыты дұрыс».

Олжас Абраев: «Лиганы маған сеніп тапсырғандарыңызға рахмет! Біз бәріміз ортақ жұмысты атқарып жатырмыз. Қазақстан футболын дамытуды одан әрі жалғастыра беруіміз керек».

Саян Хамитжанов: «Өздеріңіз білесіздер, маған «Астана» футбол клубынан жақсы ұсыныс түсті. Мен оны қабыл алдым. Ал клуб пен федерациядағы қызметті қатар ұстауды дұрыс емес деп ойлаймын. Сондықтан, клубтағы қызметіме ден қоюды жөн көрдім».