Бүгін астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында өз айдынындағы ойындар сериясының соңғы матчын өткізеді.

Андрей Назаров шәкірттері Подольск қаласының «Витязь» клубымен ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» пен «Витязь» арасындағы ойынын бүгін «KAZsport» телеарнасы Астана уақытымен сағат 19:00-де тікелей эфирде көрсетеді.