Қазақстан теннис Федерациясы Рафаэль Надальдің Астанаға келетінін растады, деп хабарлайды «PROСПОРТ» тілшісі.

Әлемнің үшінші ракеткасы испаниялық Рафаэль Надаль мен француз Жо-Вильфред Тсонга Астанада көрмелік матч өткізеді. Кездесу 25 қыркүйек күні Ұлттық теннис орталығында өтеді деп жоспарлануда.