Moscow Cup додасында қазақстандық теннисшілер Анна Данилина мен Александра Гринчишина бақ сынады.

Жеке сайыста Данилина үш сетте Евгения Пашкованы ұтты – 5:7, 6:1, 6:2, ал сосын Евгениямен жұп құрап ресейлік Анастасия Фролова мен Шахло Саидованы тізе бүктірді – 6:2, 6:1.

Гринчишина жеке сайыста ресейлік Вероника Кудерметовға жол берді – 2:6, 0:6. Жұптық сында Александра Поспеловамен бірге ресейлік Валентина Ивахненко мен Юлия Калабинадан ұтылды – 1:6, 0:6.