«Чемпиондар айқсының» алғашқы күні «Astana Arlans» боксшылары «Cuba Domadores» командасына есе жіберді.

Алғаш болып шаршы алаңға шыққан Мардан Берікбаев қарсыласы Сантьяго Амадора - 3:0 есебімен жеңіп, қоржынымызға алғашқы ұпайды салды.

49 келі: Мардан Берікбаев – Сантьяго Амадора - 3:0 (49:46, 48:47, 49:46);

 

Артынша 56 келі салмақта бақ сынаған Бағдат Әлімбеков төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен  Робейси Рамиреске жол берді. Кубалық боксшы таразы басын теңестіріп кетті.

56 келі: Бағдат Әлімбеков – Робейси Рамирес - 0:3 (46:49, 45:50, 45:50);

 

Ел үмітін арқалап шыққан Асхат Уәлиханов қарсыласы Ясниер Толедоға жөнді қарсылық көрсте алмады. Төрешінің екеуі кубалық былғары қолғап шебері жеңді десе, тек біреуі Асхат басым болды деп шешті.

 

64 келі: Асхат Уәлиханов – Ясниер Толедо - 1:2 (46:49, 48:47, 47:48);

 

75 келіде шаршы алаңда бақ сынаған Ерік Әлжановтың да жолы болмады. Бұл жолы Арлен Лопес сәл басымдықпен біздің боксшыдан басым түсті.

 

75 келі: Ерік Әлжанов – Арлен Лопес - 1:2 (49:46, 47:48, 47:48);

 

Бар үміт ауыр салмақтағы Алмат Серімовта болған еді. Алайда Алмат та қонақ команданың былғары қолғап шеберінің алдында қауқар таныта алмады.

 

91 келі: Алмат Серімов – Эрисланди Савона 0:3 (45:50, 46:49, 46:49).