Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандық боксшылардан бүгін Закир Сафиуллин жарыс жолына шықты.

63 келіге дейінгі салмақ санатында жұдырықтасқан отандасымыз Әзірбайжан боксшысы Бахтияр Газибековті жеңді.

Бес төреші де жеңісті біздің боксшыға берді.